КазГЗУ колледж студенттерімен кездесу өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы Ж.Шайхыстан КазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуге оқытушылар құрамы және колледж студенттері қатысты.

Жетекші маман  Ж.Шайхыстанмен студенттерге сот жүйесі туралы мағлұмат ұсынылды. Кездесудің ең бір айтарлық жаңалығы, еліміздің сот жүйесін түбегейлі жаңғырту жолында жүргізіліп жатқан, елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты бағытындағы 11 қадамы болды.   заман талабынан туындаған дұрыс, әділ шешім.

Ж.Шайхыстан өзінің баяндамасында, судьялық лауазымға кандидаттарды іріктеу жүйесін және біліктілік талаптарын қатаңдату және сот сатыларын оңтайландыру мақсатында бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу сияқты жаңа өзгерістер туралы атап өтті.         

Оқытушылар және студенттер Ұлт жоспары, сот жүйесіне жұмысқа тұру бойынша  қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Кездесу соңында, оқытушылар мен студенттер алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқаруға ықылас білдірді.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі