«Қазақ радиосы» радио эфирінде сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай «Судьялар корпусына жүктелгені – тура жолмен жүру» тақырыбында «Қазақ радиосы» радио эфирінде сұхбат берді.  

Сот төрағасы өз сөзінде, судья тек заңға ғана емес, тәуелсіз, әділетті және бейтарап болып, заңға ғана бағынып, әділ соттылықты жүзеге асырып ғана қоймай, сот отырыстарын жүргізудің мәдениетін меңгеру қажеттігін айтты. Қабылданған Жаңа әдеп кодексі судьяларға осы талаптарды қояды. Судьялардың жаңа әдеп кодексі 15 нормадан тұрады және судьялардың тәртібін реттейтін қағидаларға негізделген деп көрсетті.

Сонымен қатар, сот төрағасының ерекше атап өткені, судьялардың VII съездінде, сот органдары халықпен жиі кездесіп, оларға құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіруді және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, сондай – ақ дауларды шешуде балама тәсілдерді қолдануды ұсынуды, бітімгершілік, медиациялық және партисипативтік келісімдерді тәжірибеде жиі қолдануды және БАҚ мен, қоғаммен жұмысты күшейтуді Елбасының тапсырғанын көрсетті. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі