«Халықаралық конвенциялар мен келісім-шарттардың нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы м.а. Б.Аралбаевтың төрағалық етуімен Талдықорған қаласында орналасқан 18404, 48386, 54380 әскери бөлімдері заңгерлерінің қатысуымен «Халықаралық конвенциялар мен келісім-шарттардың нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Аралбаев Б. баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын оқып таныстырды.

Судья Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар  халықаралық келісім-шарттарының тізімімен  таныстырып, сот  актілерінде  аталған келісім шарттарға сілтеме жасалатынын айтып өтті. Атап айтқанда Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенция, Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция және тағы басқа да Конвенциялар.

Аралбаев Б. дөңгелек үстелге қатысушылардың  қойған сұрақтарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі