«Гендерлік теңдік стратегиясы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы М.Кожабековамен «Гендерлік теңдік Старатегиясы» тақырыбында Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

М.Кожабекова өз сөзінде, ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті. Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметтерін басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, «Ностальжи» радио толқынының эфирінде бас маманы М.Кожабековамен әйел адамдардың отбасылық‑тұрмыстағы зорлық, зомбылық сондай-ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптары талқыланып,  мағлұматтар берілді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі