«Даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені талқылау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істер жөніндегі Департаменті» РММ-нің ғимаратында Өскемен гарнизоны әскери сотымен

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені талқылау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шара Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істер жөніндегі Департаменті қызметкерлерінің, сондай-ақ «Шаңырақ» Ассоциясының медиаторларының қатысуымен өтті. 

«Шаңырақ» Ассоциациясы медиаторлары Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының жүзеге асырылуын, оның жалпы ережелері, түсініктері, міндеттері мен мақсаттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, іс жүзінде медиация қолданылған даулардың кейбір санаттарына, атап айтқанда  келісім шарт даулары, кейбір еңбек даулары, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу уақытын белгілеу, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарызды және алиментті өндіріп алу туралы дауларға тоқталып өтті.

Судья А.Даменов өз сөзінде аталған жобаның татуластыру процедураларының қолдану аясын кеңейтіп, бұл шаралардың нақты нәтижелерге қол жеткізетінін, қоғамда даулардың төмендеуіне, азаматтардың сот шығындарын азайтуға әкелетінін айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қойылған сауалдарына тұжырымды жауап алды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі