Борышкерден мемлекет пайдасына оқуға кеткен берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-нің борышкер Д.-тан ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында оқуға кеткен 1 516 331 теңге қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

Арызда, ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы бастығының 24 шілде 2016 жылғы бұйрығымен борышкер Д. ҚР ҰҚК ШҚ Академиясының курсанттар тізіміне алынып, Академия бастығы мен борышкер Қ. арасында ҚР ҰҚК-де курсанттық құрам лауазымында әскери қызметін өткеруге келісім шарт бекітілгені көрсетілген.

Бекітілген келісім шарт аясында, курсант Д. аталған әскери-оқу орынның толық курсын бітіріп, оқу барысында мамандық бойынша жүйелі түрде және тереңірек теориялық-практикалық білімді игеріп, белгіленген уақытта оқу жоспарына сәйкес, емтихандарды тапсыруға міндеттенген.

Өз кезегінде Академия курсант Д.-ты әскери қызметтің жеткілікті деңгейімен, әскери қызметті өткеруге арналған  қаражатпен, киім-кешекпен және басқа да нормалар мен тәртіптке сай келетін, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген қаражаттармен материлдармен қамтамасыз еткен.

Алайда, 08.08.2017 жылы жауапкерден оны өз еркімен Академия курсанттары қатарынан шығару туралы баянаты түскен.

Аталған баянатты жазудың басты себебі ретінде мамандық таңдаудағы қателесу мен Академияда одан ары оқуға қаламайтынын көрсеткен.

ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы бастығының 29.08.2017 жылғы бұйрығымен жауапкер Д. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңының 26 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына сәйкес,  «теріс қылығы үшін» оқудан шығарылды.

Әскери соттың сот бұйрығына сәйкес, жауапкер Д.-тан Қазақстан Респбуликасы ҰҚК Шекара қызметі Академиясында оқуға кеткен 1 516 331  теңге берешек мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі