Билік өкiлiне қатысты күш қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизоны әскери сотында  12... әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор «Б»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 17.05.2017 жылы Кербұлақ потрульдік полиция тобы Сарыөзек ауылында, қызметтік көлігімен тәуліктік кезекшілікте жүрген кезінде, жол бойынша тұрған автокөлікті көріп, қасына тоқтаған. Көліктің жүргізуші орынында отырған «Б», артынан белгілі болған медициналық куәландыру қорытындысына сай, канабиноидтарды қолдану әсерінен мастық ахуалында болған.

Полиция қызметкері құжаттарын тексермекші болып сұраған кезде, сол арада «Б» полиция лейтенанты «И»-ды қызметтік міндеттерін орындап тұрғанын біле тұра, оның заңды талаптарына бағынбай, соңғының беделін түсіріп, оң қолының жұдырығымен қасақана полиция лейтенанты «И»-дың бетінен бір мәрте ұрып, қаша жөнелген. Полиция лейтенанты «И» «Б»-ның артынан жүгіруін тоқтатпай «заң талабымен тоқта, атамын!» деп айқайлап, бірнеше рет ескерткен. Алайда «Б» полиция қызметкерлерінің заң талабымен қойылған бұйрығын ести тұра, оны орындаудан бас тартып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында, қашуын жалғастыра беріп, көпқабатты үйдін пәтеріне қашып кірген. Сол жерде полиция қызметкерлері Кербұлақ ауданы ІІБ жедел-тергеу тобын шақыртып оны ұстаған.

Сот үкімімен «Б» Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес 1 жыл 6 айға жаза шартты түрде есептелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі