Бағынбауға бағытталған іс-әректер жасағаны үшін сотталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотымен Петропавл қаласында орналасқан ҚР-сы Ұлтық ұланының Әскери институтының мекен жайында ҚК-нің 379 бабының 1 бөлігімен (өкімет өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған үшін айыпталған аталмыш Әскери институттың келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Д.Богданчиковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Д.Богданчиков 2016 жылғы 14 маусымда Петропавл қаласында, масандық күйінде болып, Петролпавл қаласы Ішкі істер Басқармасының қызметкері полиция сержантына бағынбауға бағытталған іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысы жүргізіліп жатқан кезінде, сотталушы айып тағылған қылмыстық теріс қылық жасағанын толық мойындады.

2016 жылғы 27 шілдедегі әскери соттың үкімімен Богданчиковқа 75 айлық есептік көрсеткіш көлеміндей (159 075 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі