Азаматтық процесте прокурордың қатысуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 1 тамызда «Азаматтық процесте проукрордың қатысуы» тақырыбымен, әскери соттың қызметкерлері және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры Б.Т. Әкіремжанованың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Әскери соты төрағасының міндетін атқарушы М.И. Аманжолов азаматтық сот ісін жүргізу саласында прокурордың қатысуы тек қана мемлекеттің мүдделерін және қоғамдық мүдделері мен өз бетінше қорғау жасай алмайтын азаматтардың қорғауы қажет болғанда ғана прокурордың қатысуы міндетті түрде, сондай-ақ, сот және прокурормен танылғанда прокурордың қатысуының қажетті екенін атап өтті.

Аға прокурор Әкіремжанова Азаматық процестік кодексі бойынша прокурордың қатысуы азаматық процесте қысқартылуы көзделген деп жариялады.

Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар жұмыс практикасында қолдану үшін тиісті ұысныстарды әзірледі.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі