Азаматтық іс оңайлатылған тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 68665 санды әскери бөлімінен теріс себептермен әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылғанын Е.Р. Қаламбаев азаматтан 80 115 теңге көлеміндей төленген сауықтыру жәрдемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен азаматтық іс қаралды. 

Есептесу анықтамасына сай, қызмет еткен мезгілі бойынша оның берешегінің қалдығы осы сома болып шықты.

Азаматтық кодексінің 953 бабына сай ол негізсіз алынған мүлікті талапкерге қайтаруға міндетті. Еңбек кодексінің 115 бабының 1 бөлігі бойынша қызметкердің жалақысынан қаражаттың ұстап қалуы сот шешімімен өндіріледі.

Талапкердің талабы сотпен заңды және дәлелденген деп танылып, қанағаттандырылылды.

Шығарылған шешім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі