Азаматтарды қабылдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының м.а. А.М.Каиров 2016 жылдың 22 шілде күні соттың 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі жұмыс жоспарының 1-ші тармағына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Қабылдауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полициясы жасағының әскери полиция бөлімінің пост-патрульді қызметінің офицері майор Игорь Валерьевич Пастухов болды. Ол әскери қызметкерлерге қатысты заңнамаларға сәйкес қызмет өтілімінің есептелінуі, әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үймен және зейнетақымен қамтамасыз етілуі туралы сауалдармен жолықты. Сот төрағасы м.а. А.Каиров келушіге ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының нормаларын түсіндіріп, сұрақтарға тиісті жауаптар берді.

Сонымен қатар бүгінгі күні кез келген азамат өзін қызықтырған мәселелер бойынша sud.kz сайтындағы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы сотқа хат жолдау арқылы немесе ҚР Әскери соты төрағасының Блогына сауалдар жолдау арқылы жүгіне алатындығы айтылды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі