Азаматтарды қабылдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы А.М.Каиров бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізді.

Төраға міндетін атқарушысының  қабылдауында Ақмола гарнизонының әскери полиция жасағыгың анықтау және іздестіру бөлімінің офицер-анықтаушысы әділет лейтенанты  Ербол Әшірбайұлы Сахаев болды.

 Ол әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде заң бойынша еңбек ету өтілін   есептеу, қызметтік тұрғын үйді  жекешелендіру және зейнетақымен қамтамасыз етілуі жөнінде мәселелерге қызығушылық танытты.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Ә.Сахаевқа Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңының талаптарын  түсіндіріп, оны қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні кез келген азамат өзін қызықтырған мәселелер бойынша askeri.sud.kz сайтындағы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы сотқа хат жолдау немесе ҚР Әскери соты төрағасының Блогына сауалдар жолдау арқылы жүгіне алатындығы түсіндірілді.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар