Атқарушылық құжаттарды электронды түрде жолдау тәсілдері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова Соттар атқарушылық құжаттарды электронды түрде «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы әділет департаменттеріне орындауға жолдау тәртібін түсіндіру мақсатында кеңсе мамандары мен сот мәжілісінің хатшыларына оқыту семинарын өткізді.

Бұл жоба 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының аумағында пилоттық режимде «Төрелік» АЖ бен АІЖО ААЖ соттардан атқарушылық құжаттарды электронды түрде алуды және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электрондық санкциялауы бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырды.

Пилоттық сынаудың нәтижелері бойынша аталған функционалдар  2016 жылы 16 наурызда Республика бойынша іске қосылған.

Атқарушылық құжаттарды соттардан электронды түрде жіберулері және сот орындаушыларынан қаулыларды санкциялау үшін «Төрелік» АЖ-де электронды түрде қабылдаулары қажет.

Кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова атқарушылық құжаттарды электронды түрде «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы әділет департаменттеріне орындауға жолдау тәртібін рет-ретімен көрсетіп берді.

Қайнар: 
"ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі"