«Ашық есік күні»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға әскери прокурорлар және  әскери бөлім өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Бабатов мемлекеттік тілді дамыту әрбір азаматтың міндеті және қастерлі борышы екенін айтып өтті. Сонымен бірге, заңгерлердің назарына мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтіп, дамыту мақсатында талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыру қажеттігін жеткізді. Әрбір сотқа келуші азамат мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қоса алатынын айтты.

Сонымен қатар, сот төрағасы қатысушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында қатысушылар ұсынылған ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі