Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында «КАЗГЮУ»колледжнің "Құқықтану" мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің қатысуымен "Ашық есік күні" іс шарасы өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағасы Бабатов А өскелең ұрпақ үшін бұл іс-шара маңыздылығын атап өтіп, студенттердің сот жүйесіне қызығушылығын  арттыруға жәрдемдесетінін атап өтті. Сондай-ақ судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарын түсіндіріп айта кетті. Судьялыққа жиырма бес жасқа толған; жоғары заң бiлiмi бар сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі не заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

Іс-шаралар барысында сот маманы Ж. Шайхыстан сот залдарын көрсетіп, сондай-ақ сот отырысында аудио,-бейне жазбаларды қолдану туралы айтып өтті. Сонымен қатар жаңа технологиялар қолдану және  "Сот кабинеті"-не тоқталып түсіндірді.

Іс-шараға қатысушылар өз кезегінде сот төрағасы А.Бабатовқа алған ақпараттары жәнесот қызметімен танысуға мүмкіндік алғандары үшін ризашылықтарын білдірді. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі