Артық төленген қаржылай өтемақыны өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотымен «ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет Академиясы» ММ-нің А. қатысты артық төленген қаржылай өтемақыны өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Соттың анықтағаны, А. ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында әскери қызмет өтеу кезінде, тұрғын үй жалдау үшін құрамы үш адамға, І топтағы мүгедек әпкесін қосқанда өтемақы төлеу туралы баянат береді. ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы басшысының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 802 бұйрығымен А.-ға 2014 жылдың 01 шілдесінен бастап, оған үш адамға өтемақы төленіп отырған. 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап, апайына өтемақы төлеу тоқтатылған. Анықталғандай, әпкесі отбасы мүшесі болып табылмайды.  Артық төленген өтемақы соммасы 308 491 теңгені құрайды. Жауапкер өз еркімен 65 000 теңгені төледі. Қалған қарыз сомасы  243 491 теңге құрайды.

Жауапкер өзінің берген түсініктемесінде, құжаттарды жинау барысында және арызды берген сәтте құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмағандығын және өтемақыны төлеу бұйрығын Академия басшылығы шығарғанын айтты.

Тараптардың түсініктемесін тыңдап іс құжаттаырды зерттеп, сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі