Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні»  өткізілді.

Іс –шараға келуші азаматтарды және  25744 әскери бөлім  өкілдерін Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов қабылдады.

Іс-шара барысында сот төрағасы «Ашық есік күнінің» маңыздылығының бірі қызметшілердің  құқықтық мәдениетімен аса күрделі құқықтық сұрақтардың шешімін табу-фемиданың міндеті болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, бөлек санаттағы дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен міндетті түрде татуластыруды еңгізу бойынша ҚР Жоғарғы сотының пилоттық жобасын жүзеге асыру тәртібін айтты.

Іс-шара соңында М.Алдабергенов қатысушылардың қойылған сұрақтарына заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар берді. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі