Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен  ҚР ҚМ 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сот төрағасы А.Бабатов сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік  саясаттың басты міндеті болып табылатынын, сондықтан онымен күрес әр мекеменің, жалпы қоғамдағы әр азаматтың борышы  және сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуын экономикалық-саяси тұрғыда тежейтінін айтып өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі сыбайлас жемқорлық қоғамның басқа салаларына қарағанда ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Сондай-ақ, төраға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері, мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, заңның негізгі новеллалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайына баса назар аударды.

Кездесу соңында әскери қызметшілер назарына үнемі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптарын сақтау қажеттігін жеткізді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар