Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясына алғыс білдірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы атына азамат А.Жузбаевтан алғыс хат келіп түсті.

Азамат А.Жузбаев алғыс хатында Ақмола гарнизоны әскери сотына тұрғын үй құнының ақшалай өтемақысының айырмашылығын өндіру туралы талап арызбен жугінгенін және арызды судья Т.Королевская қарағандығын атап өтті.

Хат иесі судьяның істі қарау барысында жылдам, нақты және әуре сарсаңсыз қарағаны үшін алғыс білдірді. Ол, Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Тамара Петровна Королевская азаматтық істі қарау барысында қысқа уақыт ішінде объективті және жан-жақты, Заңға сәйкес шешім қабылдағанын атап өтті.

Сонымен қатар, А.Жузбаев Ақмола гарнизоны әскери сотының ұжымына алдағы уақытта жұмыста табыс және барлық жақсылықты тіледі.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі