Ақмола гарнизоны әскери сотында семинар кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында сот төрағасы А.Бабатовтың басшылығымен          «Сотқа келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету қағидасын сақтау» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

Іс-шараға судья Т. Королевская, кеңсе меңгерушісі Б.Толебаева, Ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы С. Асильбеков, Астана қаласы МКҚБ-ның взвод командирі С.Шакенов, сот приставы Б.Таджибаев, бас маман А.Сайлауова қатысты. 

Семинар барысында сот приставы Б.Таджибаев сотқа келушілерді сот ғимаратына өткізу режимін қатаң қадағалау судьялар мен сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алатынын айтты.

Сонымен бірге С.Асильбеков судьялар мен сот қызметкерлеріне сот ғимаратына сөйлесу функциясы бар және СМС жауап беретін ұялы телефондардан басқа ( смартфондар, планшеттер, смарт сағаттар) алып кіруге тыйым салынатыны туралы айтып өтті.

С. Шакенов судьялар мен сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және сотқа келушілерді сот ғимаратына өткізу режимінің сапасын жақсарту үшін бірігіп жұмыстар атқаруды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, сот  төрағасы А.Бабатов әріптестеріне қатысқандары үшін алғыс білдіріп, тығыз және жемісті ынтымақтастықта әріптестікте болуға шақырды. 

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі