Ақмола гарнизоны әскери соты «Ашық есік күнін» өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 24 қаңтарында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақмола гарнизоны әскери сотында төрағаның м.а. Е.Ибраимовтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» тақырыбында «Ашық есік күні» кезекті іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар, әскери қызметкерлер қатысып Рақымшылық жасау тәртібіне байланысты өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар. 

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігі ашықтығының деңгейін арттыру болып табылады.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі