Адам өлімі орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шықты.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери соты 15 маусым 2016 жылы адам өлімі мен екінші жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орта дәрежеде нұқсан келтіріп, жүргізуші куәлігінсіз, жол жүру ережесін бұзған әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 97638 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметкері ефрейтор А.Нүсіп, Жол жүру ережесін білмей және сақтамай, «Тойота Раум» маркалы автокөлігін, транспорттық құралдарды басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігі болмай тұра басқарған. Сонымен қатар басқа адамдардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарай отырып, аса қатты жылдамдықта көлікті жолдың дәл ортасымен жүргізіп келе жатып, басқарудан назарын басқа жаққа бұрып, көлікті тоқтатуға дейін жылдамдықты азайтуға шаралар қолданбаған. Осының салдарынан ол басқарып келе жатқан көлік қарсы бағытқа шығып, көліктің ұшып кетуіне, яғни өз осімен бірнеше рет аударылуына әкеп соқтырған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған жолаушылар зардап шеккен: Жәбірленуші Т. алған жарақат салдарынан ЖКО орнында қайтыс болды, жәбірленушілер С. мен Ж. ауырлығы орта және жеңіл деңгейдегі дене жарақаттарын алды.

Сот талқылауы кезінде сотталушы өзінің кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.

Сот қайтыс болған жәбірленуші Т.-ның жалғыз өзі тәрбиелеп отырған кішкентай қызы қалғанын, сондай-ақ жәбірленуші С.-ның омыртқасы сынып, басқа да дене жарақаттарын алуы сотталушы А.Нүсіп тарапынан ескерусіз қалғанын анықтады. Атап айтқанда, сотталушы оларға ешқандай да материалдық немесе моралдық тұрғыда көмек көрсетпеген, сотта да көрсетуге ниет білдірмеді.

Сот А.Нүсіпті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны осы бап бойынша 2 (екі) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айырып, жазасын колония-қоныстарда өтеуге жіберуге, көлік құралдарын басқаруға немесе көлік құралдарымен тасымалдау құқығынан 5 (бес) жылға айыру жазасы тағайындалды.

Жалпы сомасы 2 698 474 теңге болатын азаматтық талап арыз қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі