60 жасқа толу мерейтойымен құттықтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы  С.Ж.Абдуллаев осы соттың судьясы Қыдырхан Әбілмәжінұлы Сихимбаевтың 60 жасқа толуына орай, Қазақстан Республикасы Әскери сотының алқа төрағасы мен судьяларының, Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы мен судьяларының, сонымен қатар Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясының қатысуларымен салтанатты жиын өткізді.  

Төраға С.Ж.Абдуллаев: «Сізді 60 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте өзіңізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш – қайрат, ортаймас несібе – дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой – беделіңіз арта берсін!- деп ұжым атынан тілек білдіріп, құттықтау грамотасын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мамидің атынан «3 дәрежедегі Мінсіз қызметі үшін» медалін ұсынды.

Судья Қ.Ә.Сихимбаев өзінің еңбек жолын орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастады. Кейін тергеуші, прокурор болып та қызмет атқарды. Судьялық қызметін 1999 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотынан бастады. 2007 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы қызметін атқарып келеді.

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі