40 литр дизельдік отынды жымқырған әскери қызметші сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен көшпелі сот отырысында ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігімен айыпталған 29... әскери бөлімінің сержанты «Т» қатысты қылмыстық іс қаралды.

26.06.2017 жылы сағат 18:00 шамасында әскери қызметкер «Т» бокста тұрған әскери автокөліктен 40 литр дизельдік отынды ұрлап, жеке автокөлігінің жүк салғышына салып, жұмыстан қайтып бара жатқан кезінде әскери полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, құжаттарды және автокөлігінің жүк салғышын тексеру кезінде дизельдік отынның ұрланғаны анықталған.

Сот үкімімен «Т»  Қылмыстық кодексінің 187 бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 56 725 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі