2017 жылдың 6 айындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовпен судьялар және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Сот төрағасы көрсетілген аралықта негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Сонымен қатар қаралған азаматтық және қылмыстық істерді санын айтып өтті.

Жедел кеңес барысында бақылау тапсырмаларының уақытылы орындалмауы, судьялар тарапынан талап арыздарды кері қайтару, талаптарды қараусыз қалдыру, өндіріске қабылдаудан бас тарту, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіпте және медиация тәртібін қолдануға байланысты маңызды сұрақтар талқыланды.

Жедел кеңес соңында сот төрағасы бақылау тапсырмаларын уақытында орындауды, жедел кеңес хаттамалары мен сот отырысы хаттамаларын және дыбыс-бейне жазбаларды уақытында салуды, сонымен бірге апелляция сатысына істерді уақытылы жолдауды,  сот актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруды және БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыстарды атқарып, осы бағытта жұмыстың көлемі мен сапасын жақсартуды тапсырды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі