Сот жүйесінің ардагерлері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

                                                       

                                                       Ашитов Зайырқан Омарұлы (1925-2017 ж.)

         Ашитов Зайырқан Омарұлы, 1925 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келді.

         1942 жылы 28 ақпанда әскери қатарына шақырылып, Алматы қаласы түбіндегі болашақ офицерлер дайындайтын жаяу әскерлер училищесінде оқып жүргенде, оқушылармен бірге соғысқа аттанды. 1942 жылы офицерлік шенді иененіп, жаулармен соғысқанда оқ тиіп жарақаттанды. Соғыс аяқталғаннан кейін Ленинград түбінде зенит-артиллериясы әскери бөлімінде жұмысын жалғастырды.

1947-1952 жылдары Пьярно қаласының заң академиясын үздік бітірді. Қызмет жолын КСРО қарулы күштері әскери трибуналынан бастады. Одан Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің әскери трибуналының мүшесі болып сайланды.

1952-1976 жылдары армия, гарнизон, Түркістан, Забайкалье әскери округтері трибуналдарының мүшесі және Қызыл тулы Орта-Азиялық әскери округінің, Алматы гарнизоны армиясының әскери трибуналының төрағасы лауазымында қызмет істеді. 

Әділет полковнигі, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген заңгері. Сот жүйесінде еңбек жолы 1952 жылдан 1976 жылға дейін жалғасқан. Отан соғысының, Қызыл жұлдыз, Ленинградты қорғағаны үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін ордендер және т.б. 20 медальдың иегері.

Қазіргі уақытта да майдангер-ғалым Қайнар университетінде студенттерге дәріс оқып жүр.

 

                                                     

                                                      Шамшонков Григорий Петрович (1922-2016 ж.)

Шамшонков Григорий Петрович, 1922 жылы 13 қаңтарда Калинин облысы, Молодотудский ауданында, Белогубцево ауылында дүниеге келді.

         Еңбек жолын 1937 жылы «Сталинский путь» аудандық газетінде корректор болып бастады. 1938-1941 жылы Мәскеу индустриялық техникумның кенші-техник факультетін бітірді.

Техникумды бітіргеннен кейін Совет Армиясына шақырылды. 1942 жылы қарулық взводтың командирі, батарея командирі болып жаулармен шайқасты. 1945 жылы зенитті-артиллериялық полктың оқыту батареясының командир орынбасары болып Совет Армиясынан демобилизацияланды. 

1946-1947 жылдары мемлекеттік бақылаушы болып Литва ССР-дің Мемлекеттік бақылау министрлігінде қызмет істедім. 1947 жылдан бастап Литва шекаралық округтің әскери трибуналында хатшының көмекшісі лауазымынан бастады. Одан Фергана гарнизоны әскери трибуналының мүшесі, Сталинабад гарнизоны әскери трибуналының бас хатшы, Ашхабад гарнизоны әскери трибуналының мүшесі болып істеді.

1960-1964 жылдары Ашхабад гарнизоны әскери трибуналының төрағасы болып тағайындалды. 1964-1966 жылдары Тиксин гарнизоны әскери трибуналының төрағасы, Забайкал гарнизоны әскери трибуналының төрағасы болып қызметін жалғастырды. 1971-1979 жылдары Орта-Азиялық гарнизоны әскери трибуналдың мүшесі лауазымына дейін жалғасқан.

Әділет полковнигі, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген заңгері. Сот жүйесінде еңбек жолы 1947 жылдан 1978 жылға дейін жалғасқан. Отан соғысының, Қызыл жұлдыз, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін ордендер және т.б. 20 медальдың иегері.

Әскери трибуналда қызмет еңбегі 1947 жылдан секретариат бастығының бас көмекшісінен басталып, 1979 жылы Орта-Азиялық әскери аймағының әскери трибуналының мүшесіне дейін жалғасқан.

 

 

                                                 

                                                     Тасмағамбетов Сағитжан Досымұлы

Еңбек жолын 1963 жылы Кашдачаган дистанциясының 2 разрядты жұмысшысы болып бастады. 1964 жылы № 462 мектебінің меңгерушісі, одан кейін авторемонтзаводының  ұстасы, 1966 жылдың  тамыз айынан  С.Киров атындағы заводының токарьі болды.

1967 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін аяқтап, Алматы облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының Әлеуметтік мүлікті тонаумен күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы болып қызмет атқарды.

1970-1971 жылдар аралығында Совет Армиясында борышын атқарды. 1972 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматылық мамандандырылған орта милиция мектебінің курс жетекшісінің орынбасары қызметінде болды.

1973 жылдың сәуір айынан № 90344 ә/б  әскери трибуналының  аға хатшысы, 1976 жылдың шілде айынан  Орджоникидзевск гарнизоны әскери трибуналының мүшесі, 1981 жылдың маусым айынан Волгоград гарнизоны әскери соты төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1984 жылдың наурыз айынан бастап Тында гарнизоны әскери трибуналының төрағасы болып, ал 1989 жылдың мамыр айынан оңтүстік әскерлер тобы әскери трибуналының мүшесі.

1991 жылдың мамыр айынан Ташкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы, 1992 жылдың ақпан айынан ҚР Мемлекеттік қорғаныс  комитеті істері бойынша басқармасының басшысы, осы жылдың маусым айынан ҚР Жоғарғы Сотының әскери алқасының төрағасы, 2002 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери сотының төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 26 наурыз 2007 жылғы № 301 Жарлығымен Қазақстан Ресепубликасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Еңбек жолында «Құрмет» орденімен, «Байкал-Амур магистралі құрылысы үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қарулы күштерде мінсіз қызметі үшін» 1, 2, 3 - дәрежелі медальдармен марапатталған.

 

Тэгтар: